Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 10 ақпан N 197
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.09.2017 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
1. "Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен алынған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен алынған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына: Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда бірінші вице-министрі Әбітаев Есберген Әбітайұлы енгізілсін; Сәуле Мүсінқызы Жолдыбаева аталған құрамнан шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия