Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 шілдедегі N 725 Қаулысы
Редакция 28.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысымен (31.07.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 41, 461-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережеде:
9-тармақта:
1) тармақшадағы "бір айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "екі айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
екінші абзацтағы "облыс орталықтарында бес есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен және аудан орталықтарында үш есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен" деген сөздер "облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда жеті есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда бес есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстардың сомасы тәулігіне Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында жеті есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда алты есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен, аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда төрт есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен және ауылдық округтарда екі есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен аспауы тиіс";
3) "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 7, 73-құжат):
1-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацындағы "жеңіл" деген сөз алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия