Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1428 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 ақпандағы N 146 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. "Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1428  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 461-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгізiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережеде: 
6-тармақтың төртiншi абзацындағы "PMК "Қазақстан темiр жолы"" деген сөздер "тасымалдаушы" деген сөзбен ауыстырылсын; 
"купе вагонының" деген сөздерден кейiн "(жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар 2 орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" класты вагондарын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын; 
"рұқсатымен" деген сөзден кейін "жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар 2 орындық купе (УВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" класты вагондарының тарифтері бойынша темiр жол көлiгiмен және" деген сөздермен толықтырылысын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi