Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.02.2011
Өнеркәсiптiк объектінің қауiпсiздiгі декларациясын ұсынудың тәртiбiн және нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы N 764 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 10.02.2011 № 125 Қаулысымен (18.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 18.11.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегі  Заңына сәйкес және төтенше жағдайлардың алдын алу және iс-қимылдарға дайындалу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1) Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк объектiсi қауiпсiздiгiнiң декларациясын ұсынудың тәртiбi; 
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк объектiсi қауiпсiздiгiнiң нысаны бекiтiлсiн. 
2. Қоса берiлiп отырған қызметiнiң төтенше жағдайлардың пайда болуына жоғары тәуекелi бар ұйымдардың тiзбесiне енгiзуге жататын қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердi бiрдейлендiруге қойылатын негiзгi талаптар мақұлдансын. 
3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi: 
1) 2000 жылдың 1 тамызына дейiн қызметiнiң төтенше жағдайлардың пайда болуына жоғары тәуекелi бар ұйымдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынсын; 
2) белгiленген тәртiппен Өнеркәсiптiк объектiлердiң қауiпсiздiгi декларациясына сараптама жүргiзудi ұйымдастырсын. 
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2000 жылғы 19 мамырдағы
 N 764 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк объектiсi  
 қауiпсiздiгiнiң декларациясын ұсынудың тәртiбi 
1. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, қызметi өндiрiстiң жоғары қауiптiлiгімен байланысты өнеркәсiптiк объектiлердiң (бұдан әрi - өнеркәсiптiк обьектi) қауiпсiздiгін декларациялау қауiпсiздiк шараларының сақталуын бақылауды, өнеркәсiптiк объектiде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі iс-шаралардың жеткiлiктiлiгi мен тиiмдiлiгiн бағалауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
2. Пайдалануға қосылған, жұмыс iстеп тұрған және пайдаланудан шығарылған, кызметiнiң төтенше жағдайлардың пайда болуының жоғары тәуекелi бар ұйымдардың тізбесiне енгізiлген өнеркәсiптiк объектілер мiндеттi декларациялауға жатады.
3. Ұйымдар өздерiнiң қарауындағы өнеркәсiптiк объектiлердiң қауiпсiздiгі декларациясын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органы мен жергiлiктi атқарушы органдарына ұсынады. 
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.11.2008 № 1068 Қаулысымен. (19.05.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қауіпсiздiк декларациясында қамтылған мәлiметтердiң тiзбесi мен оны ресiмдеудiң тәртiбiн табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органы белгiлейдi. 
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.11.2008 № 1068 Қаулысымен. (19.05.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қауiпсiздiк декларациясын өнеркәсiптiк объектi құрамына кiретiн ұйымның басшысы бекiтедi. Қауiпсiздiк декларациясын бекiткен адам, онда берiлген ақпараттардың толықтығы мен дұрыстығы үшiн жауаптылықта болады.
Полная версия
ИС BestProfi