1. Қоса берiлiп отырған Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 16.06.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргізу ережесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 19 тамыз N 918
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы N 918 қаулысымен бекiтiлген
Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргізу ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында объектiлер мен кешендер құрылысына арналған алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргiзудiң осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Заңына, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрленген.
Ереже объектiлер мен олардың кешендерiнiң құрылысына (қайта құруға, қайта жаңғыртуға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға, күрделi жөндеуге) коммуникациялар төсеуге, аумақты инженерлiк дайындауға, абаттандыруға және көгалдандыруға (бұдан әрi - жоба) арналған алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сараптамасын ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.
Ережелерде пайдаланылатын ұғымдар осы ережелерге қосымшада келтiрiлген.
2. Ереже Қазақстан Республикасының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi болып табылады.
3. Жобалардың сараптамасын аттестацияланған жеке тұлғалар (сарапшылар) және сараптау жұмыстарының тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, мемлекеттiк сараптаманың ерекше құзыретiне жатпайтын тiркелген заңды тұлғалар (сараптама орталықтары) жүзеге асырады.
Сарапшыларды аттестациялауды және сараптама орталықтарын тiркеудi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Құрылыс iстерi жөнiндегi комитет) жүзеге асырады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.12.2004. № 1250 қаулысымен. (19.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Мемлекеттік сараптаманы Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлдiк берген заңды тұлға жүзеге асырады.
Уәкiлеттi заңды тұлға (бұдан әрi - мемлекеттiк сараптама) белгiленген тәртiппен Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң ведомстволық қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiне енедi.
5. Жобалар бекiтiлгенге дейiн жобаларға сараптама жүргiзiледi.
Полная версия