"Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 19 тамыз N 918
Тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 16.06.2006. № 557 қаулысымен. (02.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.06.2006. № 557 қаулысымен. (02.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекiту ЕРЕЖЕСI
тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.06.2006. № 557 қаулысымен. (02.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасында объектiлер мен кешендер құрылысына арналған Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекiтудiң осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Заңына, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрленген.
Ереже объектiлер мен олардың кешендерiнiң құрылысына (қайта құруға, қайта жаңғыртуға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға, күрделi жөндеуге) коммуникациялар төсеуге, аумақты инженерлiк дайындауға, абаттандыруға және көгалдандыруға (бұдан әрi - жоба) арналған алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сараптамасын ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.
Бұл ретте жобалардың мемлекеттiк сараптамасын Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген қандай да бiр өзге қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ заңды тұлға жүзеге асырады.
Мемлекеттiк сараптаманың ерекше құзыретiне жатпайтын жобалардың сараптамасын сараптау жұмыстары рыногының субъектiлерi - аккредиттелген мемлекеттiк емес сараптау орталықтары және (немесе) аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады.
Мемлекеттiк емес сараптау орталықтарын аккредиттеудi және сарапшыларды аттестаттауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi (бұдан әрi - сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi орган) жүргiзедi.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.07.2006. № 647 (16.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi)
4. Жобаларға мемлекеттiк сараптаманы жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген заңды тұлға (бұдан әрi - Мемсараптама) белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының тiзбесiне енедi.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.07.2006. № 647 (16.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi)