Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қала құрылысын жоспарлаған, жер учаскелерін бөлген, құрылысты жобалаған және салған кезде су қорғау және табиғат қорғау тәртібін сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " 2009 жылғы 10 шілдедегі және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы " 2001 жылғы 16 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 04.07.2015
Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы N 918 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы N 1656 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 4 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 24.06.2015 жылғы № 479 Қаулысына сәйкес
Редакция 15.05.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызу ережесі бекітілсін.
2. "Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы N 918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 27, 304-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы N 1656 қаулысымен бекітілген
Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызу ережесі
1. Осы Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызу ережесі (бұдан әрі - Ереже) ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін белгілейді және жобалау алдындағы рәсімдерді жүргізген, жобалаған, жобаларға сараптама жүргізген және оларды бекіткен, сондай-ақ оларды іске асырған (салған) кезде басшылыққа алынады.
2. Ереже "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес әзірленді.
3. Құрылыс объектісінің техникалық күрделілігі негіздер мен құрылыс құрастырмаларының сенімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесі бойынша оның жауапкершілік деңгейіне байланысты анықталады, бұлар есептер, жүктемелер және әсерлер бойынша негізгі ережелерді айқындайтын мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтермен белгіленеді.
4. Салынуы белгіленген объектінің жауапкершілік деңгейін (бірінші - күшейтілген, екінші - қалыпты немесе үшінші - төмендетілген) жобаны әзірлеуші (бас жобалаушы) жобалау үдерісінде берілген:
1) объектінің функционалдық қызметіне;
2) оның тіреу және қоршау құрастырмаларының ерекшеліктеріне;
3) қабаттар (конструкциялық қатарлар) санына;
4) сейсмикалық қауіптілігіне немесе салынатын жерінің өзге де айрықша жағдайларына;
5) өзге де сыртқы әсерлерге (жел немесе қар жүктемесі және сол сияқтылар) байланысты белгілейді.
Полная версия