Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 18.03.2010
Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру ережесi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 ақпандағы N 231 қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 18.03.2010 № 218 Қаулысымен. (12.10.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 12.10.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 25 мамырдағы N 789 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 24, 275-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 ақпандағы N 231 қаулысымен бекiтілген
Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды (бұдан әрi - бағдарламалар) әзiрлеу мен iске асыруға бiрыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi әрi бағдарламалардың жобаларын қалыптастырудың ұғымдарын, ұйымдастырушылық-әдiснамалық негiздерiн, жалпы қағидаттарын, оларды әзiрлеу, келiсу және бекiту, сондай-ақ олардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Ереже әзiрлеу мен iске асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын мемлекеттiк бағдарламаларға қолданылмайды.
3. Бағдарламалар маңызды экономикалық, әлеуметтiк және басқа да мiндеттердi шешуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, қаржылық және техникалық өзара байланысты шаралар кешенiн айқындайды, мақсатты жiтi айқындауға негiзделедi және Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған даму Стратегиясында айқындалған экономикалық дамудың ұзақ мерзiмдi стратегиялық басымдықтарын ескере отырып, алға қойған мақсатқа қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн күтілетiн нәтижелер көрсетілiп, мерзiмдерi, ресурстары мен орындаушылары бойынша келiсілген iс-шаралардың жүйесiн қамтиды.
4. Бағдарламаларды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдары және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар стратегиялық және индикативтiк жоспарларға сәйкес өмiрдiң экономикалық, әлеуметтiк және басқа да салаларының маңызды проблемаларын шешу үшiн әзiрлейдi.
Бағдарламалар, тек, егер онда баяндалған проблемаларды шешудi тиiстi мемлекеттiк әзiрлеушi органның құзыретi шеңберiнде жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайда ғана әзiрленедi.
5. Бағдарламалар:
1) iске асыру мерзiмдерi бойынша: қысқа мерзiмдi (2 жылға дейiн), орта мерзiмдi (3 жылға дейiн) және үш жылдық кезеңдердi мiндеттi түрде бөле отырып ұзақ мерзiмдi (10 жылға дейiн).
Ұзақ мерзімдi бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары тиiсті орта мерзiмдi кезеңдерге әзiрленедi;
2) проблемалары бойынша: әлеуметтiк, экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық және басқалар болып бөлiнедi.
Полная версия