Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 13.12.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Нормативтiк құқықтық кесімдерді мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 778 Қаулысы
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының 
 Үкiметiнің        
 2006 жылғы 17 тамыздағы  
 N 778 Қаулысымен     
 бекітілген      
Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу ережесi
1. Осы Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу ережесi (бұдан әрi - Ереже): 
1) мемлекеттiк тiркеу мерзiмдерiн, нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттік тiркеуге ұсыну тәртiбiн; 
2) мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын нормативтiк құқықтық кесiмдерге қойылатын талаптарды; 
3) Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiн жүргiзудi; 
4) нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеуден бас тарту және заң сараптамасын жүргiзбей керi қайтару тәртiбiн; 
5) тiркелген нормативтiк құқықтық кесiмдердi қолданысқа енгiзудi; 
6) тiркелген нормативтiк құқықтық кесiмдердiң қолданылуын тоқтата тұрудың, тоқтатудың тәртiбiн айқындайды.
2. Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу
2. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес мемлекеттiк тiркеуге орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрi - орталық  органдар), сондай-ақ мәслихаттардың, әкiмдiктер мен әкiмдердiң (бұдан әрi - жергiлiкті органдар) нормативтiк құқықтық кесiмдерi, соның iшiнде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң,  Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларын қоспағанда, жалпыға  мiндеттi маңызы бар, оларды қолданылу мерзiмiне қарамастан азаматтардың құқықтарына бостандықтары мен міндеттерiне қатысты (тұрақты немесе уақытша) мемлекеттiк құпияларды қамтитын кесiмдер жатады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.10.2007. № 938 Қаулысымен. (20.03.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Нормативтік құқықтық кесімнің Ереженің 2-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкестігін Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары айқындайды.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 12.10.2007. № 938 Қаулысымен. (20.03.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi