Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.12.2008
Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 173 Заңы
Осы Заң күшін жойды 01.01.2009 жылдан бастап ҚР 25.12.2008 жылғы № 112-IV Заңына сәйкес
Редакция 27.07.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң бәсекенi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы қоғамдық қатынастарды, тұтынушылардың заңды мүдделерiн қорғауды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
1) бәсеке - нарық субъектiлерiнiң дербес жасаған iс-әрекеттерi тиiстi тауар нарығындағы тауарлар айналымының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының бiржақты ықпал ету мүмкiндiгiн тиiмдi шектейтiн жарыстастығы;
2) бiрiн-бiрi алмастыратын тауарлар - өз функционалдық қызметi, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы, сондай-ақ басқа да өлшемдерi бойынша салыстыруға болатын, сөйтiп, сатып алушы оларды тұтыну процесiнде (өндiрiсте) бiр-бiрiмен алмастыратын тауарлар тобы;
3) келiсiм (келiсiлген iс-әрекеттер) - тараптардың бәсекенi шектеуге немесе жоюға, кәсiпкерлiк қызметте негiзсiз артықшылықтар алуға бағытталған кез келген шарттық қатынастары;
4) монополиялық жоғары баға - тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi негiзделмеген шығындарды өтеу және (немесе) үстем (монополиялық) жағдайын терiс пайдалану нәтижесiнде қосымша табыс алу мақсатында белгiлейтiн баға;
5)  монополияға қарсы орган  - бәсекенi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк орган;
6) монополистiк қызмет - нарық субъектiлерiнiң бәсекеге қарсы келiсiмдерi (келiсiлген iс-әрекеттерi), үстем (монополиялық) жағдайды терiс пайдалануы, мемлекеттiк органдардың бәсекеге қарсы iс-әрекеттерi;
7) монополиялық кiрiс - нарық субъектiсiнiң монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алған кiрiсi;
8) монополиялық төмен баға - тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi тауар нарығынан бәсекелестердi ығыстыру арқылы бәсекенi шектеу мақсатында саналы түрде белгiлейтiн тауар бағасы;
9) нарық субъектiлерi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғалары, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкiлдiктерi);
9-1) реттеуші орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган;
10) тауар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) - азаматтық айналым объектiсi болып табылатын мүлiк;
11) тауар нарығы - тауардың немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарлардың айналым аясы, ол сатып алушының тауар сатып алуға экономикалық, аумақтық және технологиялық мүмкiндiгiн негiзге ала отырып айқындалады;
12) тергеу - монополияға қарсы заңнаманы оны бұзушылық туралы iстердi қарау арқылы қолдану;
13) тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын және тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң атаулы тiзбесi; 
Полная версия
ИС BestProfi