Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қоршаған ортаның соларда орналасқан экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды объектiлерi Қазақстан Республикасының ұлттық байлығы болып табылады.
Внимание! Документ утратил силу с 07.07.2006
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегі N 162 Заңы
Құжат мәтініндегі "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органда", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның" сөздері "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органда", "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның" сөздерімен ауыстырылды ҚР 25.05.2004 жылғы № 553 Заңы бойынша (24.12.2001 ж. редакцияны қараңыз) Осы Заң күшін жойды 21.07.2006 жылдан бастап ҚР 07.07.2006 жылғы № 175 Заңына сәйкес
Редакция 31.01.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiнiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1 тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұғымы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - ерекше құқықтық қорғау режимi бар не мемлекеттiк табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн шаруашылық қызметi режимiмен реттелетiн жер, су, орман және жер қойнауы учаскелерi.
2-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры
1. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - қоршаған ортаның генетикалық резервтегі табиғи эталондар, уникумдар мен реликттер, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру iсi, туризм және рекреация мәні ретiнде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды мемлекеттiк қорғауға алынған объектiлерiнiң жиынтығы.
2.
2-бап өзгертілді ҚР 11.05.1999. № 381, 23.01.2001. № 151 Заңдарымен.
3-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау мен қалпына келтiру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен ұтымды пайдалану, осы салада заңдылықты нығайту мақсатымен қоғамдық қатынастарды реттейдi.
2. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан, басқа да заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
4-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының принциптерi Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары мынадай принциптерге негiзделедi:
мемлекеттiк табиғи-қорық қорын, биологиялық алуан түрлiлiктi және табиғи экологиялық жүйелердi сақтау;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды нысаналы пайдалану;
ғылымды, мәдениеттi, ағарту мен бiлiм беру iсiн дамыту мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пайдалану;
әлеуметтiк-экономикалық факторларды және жергiлiктi халықтың мүдделерiн ескере отырып, туризм мен рекреацияны дамыту;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану және қорғау жөнiндегi шараларды мемлекеттiк қолдау;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылау;
Полная версия