1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдеріне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 маусымдағы N 559 Қаулысы
Редакция 24.04.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтілген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" деген бөлімде реттік нөмiрi 123-69-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"123-69 АЛА-005277 "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ";
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттері мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берілетін республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 217-8-жолмен толықтырылсын:
"217-8 "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ";
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.04.2008 № 387 Қаулысымен. (03.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Полная версия