Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 372 Қаулысы
Редакция 26.01.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1514 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2005 жылғы 21 сәуiрдегi
 N 372 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне  
  енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар 
1. "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 шiлдедегi N 833 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 260-құжат): 
1) кірiспе "Заңына" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөніндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығына " деген сөздермен толықтырылсын; 
2-тармақта "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетi жекелеген негiздер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын; 
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке aлу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесiнде: 
2-тармақта "Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын уәкiлеттi орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
1) тармақшаның бiрiншi абзацында "сауда ұйымдары арқылы" деген сөздердiң алдынан "комиссия шартының негiзiнде" деген сөздермен толықтырылсын; 
бiрiншi абзацта "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген орган" деген сөздермен ауыстырылсын; 
Полная версия
ИС BestProfi