1. Қоса берiлiп отырған:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 11.10.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігінiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiне үш вице-министрi болуына рұқсат етiлсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2006. № 134, 19.01.2007. № 39 қаулыларымен. (05.08.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 970 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 29, 323-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 тамыздағы N 837 қаулысының 1-тармағы 5) тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 34, 342-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 970 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 ақпандағы N 167 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 7, 96-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116 қаулысымен бекiтілген
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын тиiмдi iске асыруды ықпал ететiн мемлекеттік жоспарлау жүйесiн құру және дамыту миссиясы болып табылатын орталық атқарушы орган.
2. Министрлiктің негiзгi мiндеттерi мыналар:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын қалыптастыру;
Полная версия