Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 12.02.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116 Қаулысы
Атауы жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 31.03.2010 № 254 Қаулысымен. (15.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2010 № 254 Қаулысымен. (15.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 11.10.2007. № 926 Қаулысымен (26.01.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
1) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 970 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 29, 323-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 тамыздағы N 837 қаулысының 1-тармағы 5) тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 34, 342-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 970 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 ақпандағы N 167 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 7, 96-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2004 жылғы 28 қазандағы
 N 1116 қаулысымен
 бекiтілген
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі туралы ереже
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1808 Қаулысымен. (28.10.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) – стратегиялық жоспарлау, салық және бюджет саясаты салаларында, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекеттік инвестициялық саясат, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, өңірлік даму, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар, халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту, ішкі сауданы реттеу және дамыту, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті;
Полная версия
ИС BestProfi