Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.09.2014
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қазандағы N 926 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1011 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 528-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы лауазымға тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 16 және 17-тармақтарында көрсетілген жауапты хатшының өкілеттіктерін қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 11 қазандағы
 N 926 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 28 қазандағы
 N 1116 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау 
Министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - миссиясы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылатын мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 
2) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарымен және ақша-кредит саясатымен өзара іс-қимылда мемлекеттік фискалдық, инвестициялық, өңірлік (аумақтық) саясаттың, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар, экономиканың секторларында мемлекеттік активтерді басқару саласындағы саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады. 
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 
Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Полная версия
ИС BestProfi