Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығы
Осы Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.10.2019 жылғы № 182 Жарлығына сәйкес (31.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 19.08.2024 жылғы № 626 Жарлығына сәйкес (29.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.10.2019 жылғы № 182 Жарлығына сәйкес (31.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ҚАҒИДАЛАРЫ
Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 21.06.2013 жылғы № 585 Жарлығымен (25.05.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тараудың тақырыптың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығына сәйкес
1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы азаматтарының әскерге шақыру бойынша әскери қызметті, келісімшарт бойынша әскери қызметті және резервтегі әскери қызметті өткеру тәртібін айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 19.08.2024 жылғы № 626 Жарлығымен (29.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығымен (19.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері әскери қызметті «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Заң) көзделген ерекшеліктерді ескере отырып өткереді.
1-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.10.2017 жылғы № 574 Жарлығына сәйкес (30.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 31.10.2017 жылғы № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 05.10.2019 жылғы № 182 Жарлығымен (31.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 18.08.2022 жылғы № 986 Жарлығымен (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығына сәйкес (19.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындар – дағдарыстық ахуалды оқшаулауға және жоюға қатысу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілермен өткізілетін іс-шаралар;
2) жауынгерлік даярлық бойынша жиын – жауынгерлік даярлық бағдарламалары бойынша резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілермен өткізілетін іс-шаралар;
3) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер – Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға резервтегі әскери қызметке өз еркімен кірген Қазақстан Республикасының азаматтары;