Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.01.2012
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 21.01.2012 № 148 Қаулысымен (29.04.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
#$Тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша "Шетел азаматтарының" деген сөздер "Шетелдіктердің" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2007 № 688 Қаулысымен.(алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 29.04.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағында болуын құқықтық реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбi (бұдан әрi - Тәртiп) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі, Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiгі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша заңдарда белгіленген тәртiппен 2000 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзiмде:  
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы Yкiметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгізсiн;  
2) осы қаулымен бекiтiлген Тәртiптiң ережелерiн iске асыру мақсатында нормативтi құқықтық актілердi әзiрлеудi, келiсудi және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркеудi қамтамасыз етсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.06.2000 № 956 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі осы қаулының 2-тармағының iске асырылуына жәрдем көрсетсiн.
4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 10 наурыздағы N 186 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., N 7, 87-құжат); 
2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 наурыздағы N 186 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 1367 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 50, 465-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап бiр ай мерзiм өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2000 жылғы 28 қаңтардағы
 N 136 қаулысымен
 бекітілген
Тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша "Шетелдік азаматтардың", "шетелдік азаматтарды", "шетелдік азаматтарға", "шетел азаматтары", "шетел азаматтарын", "шетелдік азаматқа", "шетелдік азамат", "шетелдік азаматтар", "шетелдік азаматтың" сөздер тиісінше "Шетелдіктердің", "Шетелдіктерді", "шетелдіктерге", "шетелдіктер", "шетелдікке", "шетелдік", "шетелдіктің" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 10.08.2007 № 688 (07.09.2006 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібі
1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Халықтың көші-қоны туралы », «Босқындар туралы», «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес әзірленді және: z1100000477 Қараңыз  
1) шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және Қазақстан Республикасынан кетуінің;  
2) шетелдіктердің Қазақстан Республикасында уақытша болуы және тұрақты тұруы құқығына арналған құжаттарды ресімдеудің;  
Полная версия
ИС BestProfi