Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 22.01.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 5 тамыз N 917
"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 16-бабының 2) тармақшасына және "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы" 2002 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 19 сәуiрдегi N 2956 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, N 17, 137-құжат); 
2) "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3012 өкiмi; 
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 21 наурыздағы N 825 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентінің 19996 жылғы 18 маусымдағы N 3038 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы" Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Президентiнiң
 2002 жылғы 5 тамыздағы
 N 917 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң (бұдан әрі - Есеп комитетi) мәртебесiн, өкiлеттіктерiн және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
1. Есеп комитеті республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк қаржы бақылауының жоғары органы болып табылады.
1) республикалық бюджеттiң атқарылу мәселелерiн реттейтiн бюджеттiк заңнама және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын бақылау; 
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуына байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын орындау; 
3) республикалық бюджетке түсетiн түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ республикалық бюджеттен түсетiн түсiмдер сомаларының қайтарылуын бақылау; 
Полная версия
ИС BestProfi