Близость слов: Окончание:





Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 4 ақпанда № 8318 тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 жылғы № 259 Қаулысына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 6 Қаулысына сәйкес (28.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2018 жылдан бастап)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (21.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 18.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 8-бабының 3 және 13-тармақтарын, 8-1-бабының 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларын, 11-1-бабының 14-тармағын, 13-1-бабының 2-тармағының 8) тармақшасын, 17-бабының 5-тармағын, 17-1-бабының 1 және 6-1-тармақтарын, 18-бабының 1-тармағын, 20-бабының 15-тармағын, 30-бабының 12-тармағын, 40-бабының 9-тармағын, 44-бабының 5-тармағын, 45-бабының 7-тармағын, 52-12-бабының 3-тармағын және 60-бабының 7-тармағын, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 6-тармағын, 21-бабының 4-тармағын, 26-бабының 1-тармағын, 32-бабының 14-тармағын, 34-бабының 15-тармағын, 44-бабының 6-тармағын, 48-бабының 3, 9 және 10-тармақтарын, 62-бабының 9-тармағын, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 2-тармағын, 72-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 жылғы № 202 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 жылғы № 93 Қаулысына сәйкес (26.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес (27.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 6 Қаулысына сәйкес (28.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2018 жылдан бастап)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 жылғы № 157 Қаулысына сәйкес (29.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (31.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (21.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.07.2023 жылғы № 67 Қаулысына сәйкес (30.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мынадай Қазақстан Республикасының бейрезиденті - заңды тұлғалар үшін халықаралық шәкіл бойынша Standard & Poors рейтингілік агенттігінің «ВВВ»-дан немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес шетел валютасындағы ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі белгіленсін:
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 жылғы № 202 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 жылғы № 259 Қаулысына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 жылғы № 157 Қаулысына сәйкес (29.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес (30.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (21.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
банк холдингі мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалар не олардың бас ұйымдары;
сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалар;
банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғаларды не олардың бас ұйымдарын;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушы мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалар үшін;
Қазақстан Республикасында еншілес банктер құратын (еншілес банктері бар) банктер;
Қазақстан Республикасында еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары;
Қазақстан Республикасының аумағында өз филиалдарын ашатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті- банктері;
Қазақстан Республикасының аумағында өз филиалдарын ашатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары.
Мынадай Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – заңды тұлғалар үшін Standard & Poors рейтингтік агенттігінің «В-»-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтерден төмен емес шетел валютасындағы халықаралық шкала бойынша ұзақ мерзімді ең төменгі кредиттік рейтинг белгіленсін:
ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленетін (мәртебесіне иеленген);
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын еншілес ұйымдары бар.
Банктер туралы заңның 8-1-бабының 2-тармағы 4) тармақшасының мақсаттары үшін мынадай ұзақ мерзімді ең төменгі тәуелсіз рейтинг белгіленсін:
шет мемлекеттің шетел валютасында - Standard & Poors рейтингтік агенттігінің шетел валютасындағы халықаралық шкала бойынша ұзақ мерзімді ең төменгі рейтингі «ВВВ»-дан немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтерден төмен емес.
Банктер туралы заңның 8-1-бабының 2-тармағы 6) тармақшасының мақсаттары үшін халықаралық шкала бойынша мынадай ең төменгі жеке кредиттік рейтингі белгіленсін:
ұйымның шетел валютасында – Standard & Poors рейтингтік агенттігінің шетел валютасындағы халықаралық шкала бойынша ұзақ мерзімді ең төменгі рейтингі «ВВВ»-дан немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтерден төмен емес.
1-1. Банктер туралы заңның 30-бабы 12-тармағының 1) және  2) тармақшаларының мақсатында «ВВВ-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингілік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе «Ваа3»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингілік агенттігінің жіктеуі бойынша) шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ең төменгі тәуелсіз рейтингі белгіленсін.
Осы Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 жылғы № 259 Қаулысына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 6 Қаулысына сәйкес (28.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2018 жылдан бастап)
1-2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Осы Қаулы 1-2-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 6 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2018 жылдан бастап)
1-2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банк басқармасының 31.05.2019 жылғы № 81 Қаулысымен (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2-тармақ алынып тасталды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес (30.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің талаптары мыналарға:
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 жылғы № 202 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 жылғы № 259 Қаулысына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.06.2022 жылғы № 48 Қаулысына сәйкес (17.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізу тәртібін 4-тармақтан қараңыз)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.09.2023 жылғы № 74 Қаулысына сәйкес (31.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келетін:
заңды тұлғаның халықаралық шкала бойынша Standard & Poors (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «ВВ-» рейтингінен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингтерден төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ең төменгі кредиттік рейтингі бар;
Standard & Poors (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «ВВ-» рейтингінен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингтерден төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз ең төменгі рейтингі бар шет мемлекеттің резиденті болып табылатын;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және заңды тұлға резиденті болып табылатын шет мемлекеттің банктердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органының арасында ақпарат алмасу көзделетін келісім жасалған Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғаларына қолданылмайды.
Рейтингтік агенттіктің осы тармақшада көрсетілген заңды тұлғаға рейтингтік агенттіктің бастамасы бойынша рейтингтік қызметтер көрсетуді тоқтатуымен байланысты кредиттік рейтингті кері қайтарып алған жағдайда, осы кері қайтарып алу алдында берілген кредиттік рейтингтің деңгейін қатарынан 12 (он екі) ай ішінде пайдалануға жол беріледі;
2) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тиісті мәртебе алған және көрсетілген күні төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келетін:
банк холдингінде ұлттық шкала бойынша Japan Credit Rating Agency (Джапан Кредит Рейтинг Эйдженси) (бұдан әрі - JCR) рейтингтік агенттігінің не JСR үлестес тұлғасы болып табылатын рейтингтік агенттіктің «ААА»-дан төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар;
Standard & Poors (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «ВВ-»-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингтерден төмен шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингі бар шет мемлекеттің резиденті болып табылатын;
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органы мен банк холдингі резиденті болып табылатын шет мемлекеттің банктердің қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органының арасында ақпарат алмасу көзделетін келісім жасалған Қазақстан Республикасының бейрезидент - банк холдингтеріне;
3) көрсетілген банктің банк холдингі мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резидент - қаржы ұйымының акцияларына иелік ету арқылы банктің банк холдингі мәртебесін иеленетін (бар) және төмендегі барлық талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғаларына қолданылмайды:
Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының Standard & Poors (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «В-»-тен төмен емес халықаралық шкала бойынша шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтері бар;
Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы Standard & Poors (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «А»-дан төмен емес шетел валютасында ең төмен тәуелсіз рейтингі немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтері бар шет мемлекеттің резиденті болып табылады;
Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының акциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген) белгіленген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелеріне, капиталының мөлшеріне (бұдан әрі – Нормативтер) 8-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген халықаралық қор биржасында еркін айналымда жүрген;
Қазақстан Республикасы бейрезидент - заңды тұлғасының меншікті капиталының мөлшері 200 000 000 (екі жүз миллион) Америка Құрама Штаттарының долларына баламалы сомадан асады;
Қазақстан Республикасы бейрезидент - заңды тұлғасының таза табысының меншікті капиталына қатынасы ретінде есептелетін меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті кемінде 3 (үш) пайызды құрайды;
өтелгенге дейін қалған мерзімі қоса алғанда 3 (үш) ай болатын өтімділігі жоғары активтердің өтелгенге дейін қалған мерзімі қоса алғанда 3 (үш) айға дейін мерзімді міндеттемелер мөлшеріне қатынасы ретінде есептелетін Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының мерзімді өтімділік коэффициенті кемінде 0,8 (нөл бүтін оннан сегіз) құрайды;
меншікті капиталдың активтер сомасына қатынасы ретінде есептелетін Қазақстан Республикасы бейрезидент - заңды тұлғасының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті кемінде 8 (сегіз) пайызды құрайды;
Қазақстан Республикасы бейрезидент - заңды тұлғасының аудитін мына халықаралық аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді:
Осы тармақтың 3) тармақшасы жетінші абзацының мақсаттары үшін өтімділігі жоғары активтер деп Нормативтердің 65-тармағында аталған активтер түсініледі.
Осы тармақтың 3) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген мәндер Қазақстан Республикасы бейрезидент - заңды тұлғасының аудит жүргізілген шоғырландырылған қаржылық есептілігінің негізінде соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша есептеледі.
2-1. Банктер туралы заңның 52-12-бабының 3-тармағының мақсаты үшін рейтингті осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі береді.
Осы Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 жылғы № 93 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3. Рейтингілік агенттіктердің мынадай тізбесі белгіленсін:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 6 Қаулысына сәйкес (28.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2018 жылдан бастап)
4. Осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктер рейтингілері сәйкестігінің салыстырмалы кестесі осы қаулының 1-қосымшасында белгіленген.
5. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы 2012 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
 № 385 қаулысына
1-қосымша
Рейтингілердің салыстырмалы кестесі
Кесте жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 6 Қаулысына сәйкес (28.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2018 жылдан бастап)
Кесте жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банк басқармасының 31.05.2019 жылғы № 81 Қаулысына сәйкес (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Standard & Poors

Moody's Investors Service

Fitch

1.

ААА

Ааа

ААА

2.

АА+

Aa1

АА+

3.

АА

Аа2

АА

4.

АА-

Аа3

АА-

5.

А+

A1

А+

6.

А

А2

А

7.

А-

A3

А-

8.

ВВВ+

Baa1

ВВВ+

9.

ВВВ

Ваа2

ВВВ

10.

ВВВ-

Ваа3

ВВВ-

11.

ВВ+

Ba1

ВВ+

12.

ВВ

Ва2

BB

13.

ВВ-

Ва3

ВВ-

14 .

В+

В1

В+

15.

В

В2

В

16.

В-

В3

В-

Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2012 жылғы 24 желтоқсандағы
 № 385 қаулысына
 2-қосымша
Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген);
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 20 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4068 тіркелген, 2006 жылғы 17 ақпанда «Заң газеті» газетінде № 28-29 (835) жарияланған) 1-тармағының 2) тармақшасы;
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 1 желтоқсанда № 3236 тіркелген);
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2006 жылғы 12 тамыздағы № 159 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4400 тіркелген, 2006 жылғы 24 қазанда «Заң газеті» газетінде № 187 (993) жарияланған);
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 186 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4818 тіркелген);
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 30 қарашадағы № 255 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5066 тіркелген);
7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 163 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5390 тіркелген);
8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2009 жылғы 30 қарашадағы № 248 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6004 тіркелген);
9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 129 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6544 тіркелген). 
Полная версия
ИС BestProfi