Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 23.09.2013
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің есептілікті ұсыну ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 130 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 11 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6542 болып енгізілді
Осы Қаулы күшін жойды 24.01.2014 жылдан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.09.2013 жылғы № 249 Қаулысына сәйкес
Редакция 24.02.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің есептілікті ұсыну ережесі бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2010 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде «Статистика» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етсін.
6. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 130 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің есептілікті ұсыну ережесі
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-1-тармағына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банк) есептілігінің тізбесін, нысандарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсыну мерзімдерін және тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық банкі басқармасының 28.10.2011 № 170 Қаулысымен. (03.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Банк осы Ереженің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22 және 23 -қосымшаларына сәйкес уәкілетті органға өзінің барлық филиалдары бойынша деректерді қоса алғанда, банктің қаржылық жай-күйі және оның қызметінің нәтижелері туралы деректері бар есептілікті ұсынады.
3. Банк уәкілетті органға есептілікті:
1) осы Ереженің 1, 2, 3, 3-1, 4, 5, 6, 6-1, 7, 7-1, 10, 11, 12, 14, 17, 18, 19, 20, 21 және 22-қосымшаларына сәйкес ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен сағат 18.00-ден кешіктірмей электрондық тасымалдауышта;
2) осы Ереженің 8, 9, 9-1, 13, 15, 16 және 23-қосымшаларына сәйкес тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінде Астана қаласының уақытымен сағат 18.00-ден кешіктірмей электрондық тасымалдауышта ұсынады. Төртінші тоқсанның есептілігі (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдар ескерілген) есепті тоқсаннан кейінгі жылдың бірінші ақпанында Астана қаласының уақытымен сағат 18.00-ден кешіктірмей ұсынылады.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық банкі басқармасының 28.10.2011 № 170 Қаулысымен. (03.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия