Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 маусымдағы N 73 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 1 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6315 болып енгізілді
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.09.2013 жылғы № 248 Қаулысымен (27.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 230 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 24.02.2012 жылғы № 85 Қаулысымен (01.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.08.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап алпыс күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын және инвестициялық портфельді басқаратын ұйымдардың тоқтатылған (орындалмаған) тапсырмалары туралы есебі
1 Кастодиан клиенті болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның атауы көрсетіледі.
2 Кастодианның кастодиандық қызмет етуіндегі зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның меншікті, зейнетақы активтері не клиенттерінің активтері көрсетіледі.
3 «Қор биржасы», «ұйымдастырылмаған нарық», «халықаралық нарық» форматындағы нарықтың атауы көрсетіледі, егер мәміле қор биржасының сауда жүйесінде жүзеге асырылса, онда «қор биржасының атауы/елі» форматындағы оның резиденттігінің елі көрсетіледі.
4 Тоқтатылған (орындалмаған) мәміле (сатып алу, сату, «репо» ашу және жабу операциялары, банктік салым шартын жасасу және өзге де мәмілелер) түрі көрсетіледі. «Репо» операциялары бойынша «репо» операцияларының: тікелей немесе кері «репо» деген түрлері көрсетіледі.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың 20 ___ жылғы «___» ___________ жағдай бойынша «Инвестициялау лимиттері» пруденциалдық нормативін сақтауы туралы есебі6
(Қордың қысқартылған атауы (ілік септігінде), Ұйымның қысқартылған атауы (ілік септігінде))
5 Үлесі зейнетақы және меншікті активтерінің жиынтық есебінен инвестициялар мөлшері бойынша не тек ғана зейнетақы немесе меншікті активтерінің есебінен есептеледі. Халықаралық қаржы ұйымдары шығарған (ұсынған) қаржы құралдары бойынша және шетел мемлекеттерінің орталық үкіметтері шығарған (ұсынған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар бойынша толтырылмайды.
6 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша толтырылмайды.».