Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014
Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың меншiктi активтері жөнінде есеп беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 85 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 сәуірде № 7577 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың меншiктi активтері жөнінде есеп беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Статистика агенттігімен Төраға __________ Ә.А. Смайлов 2012 жылғы 16 наурыз
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 85 қаулысымен бекітілген
Зейнетақы активтерiн инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың меншiктi активтерi жөнiнде есеп беру қағидалары
Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы
20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерiн инвестициялау бойынша жасалған мәмiлелер және жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрi – Қор) мен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрi – Ұйым) меншiктi активтерi жөнiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) есеп беру тәртiбiн, нысанын және мерзiмдерiн белгiлейдi.
1. Ұйым уәкiлеттi органға:
1) күн сайын, есепті күннен кейiнгi күні Астана уақыты бойынша жұмыс күнінен сағат 16.00-ден кешiктiрмей зейнетақы активтері инвестициялық басқарудағы әрбір жинақтаушы зейнетақы қорының бөлігінде - осы Қағидалардың 1, 2 (1, 2, 3-нысандарды) қосымшаларына сәйкес меншiктi активтерін және меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есептерді;
2) ай сайын есепті айдан кейiнгi айдың бесiншi жұмыс күнінен кешiктiрмей:
осы Қағидалардың 1, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес зейнетақы активтері инвестициялық басқарудағы әрбір жинақтаушы зейнетақы қорының бөлiгiнде есептерді;
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асырмайтын Қор уәкiлеттi органға электронды нысанда:
1) күн сайын, есепті күннен кейiнгi күні Астана уақыты бойынша жұмыс күнінен сағат 16.00-ден кешiктiрмей меншiктi активтерiн инвестициялау бойынша жасалған мәмiлелер туралы есептердi осы Қағидалардың 2-қосымшасына (1, 2, 3-нысандарды) сәйкес;
2) ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың бесiншi жұмыс күнінен кешiктiрмей - осы Қағидалардың 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес есепті ұсынады.
Полная версия