Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерінің инвестициялаудың мультипортфельді жүйесі бөлігінде есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 68 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 13 сәуірде № 7556 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Редакция 27.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерінің инвестициялаудың мультипортфельді жүйесі бөлігінде есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер енгізілсін.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
Төраға _____________ Ә.А. Смайлов
2012 жылғы 17 наурыз
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 68 қаулысына қосымшасы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерінің инвестициялаудың мультипортфельді жүйесі бөлігінде есептілікті ұсыну мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 230 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 227 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан банктерінің есептілікті беру ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 127 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6557 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан банктерінің есептілікті беру ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кастодиан банк осы Ереженің 1, 2, 3, 4-қосымшаларында көзделген есептілікті ай сайын есепті айдан кейін келетін айдың бесінші жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей ұсынады.
Полная версия