Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014
Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 331 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3346
Осы Қаулы өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 227 Қаулысымен (01.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 25.01.2014 жылдан бастап)
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.07.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 49-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесі бекітілсін. 
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді. 
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.): 
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын және оны қабылдауға байланысты өзге де шараларды қолға алсын; 
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін. 
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен
 қадағалау жөніндегі
 агенттігі Басқармасының
 2004 жылғы 27 қарашадағы
 N 331 қаулысымен бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесі
1. Осы Ереже жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - қор) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) есеп беру тәртібін белгілейді.
2. Қордың есебіне мыналар жатады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 жылғы № 68 Қаулысымен (03.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2012 жылдан бастап)
1) осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес инвестициялық портфельдің түрлері бөлігінде - жинақталған зейнетақы қаражатының көлемі және міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) саны жеке зейнетақы шоттары туралы есеп;
2) осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес инвестициялық портфельдің түрлері бөлігінде - жинақталған зейнетақы қаражатының көлемі және ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) саны туралы есеп;
3) осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес инвестициялық портфельдің түрлері бөлігінде - жинақталған зейнетақы қаражатының көлемі және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) саны туралы есеп;
Полная версия
ИС BestProfi