Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының»"Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 331 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 64 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 7 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4665 болып енгізілді.
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Жинақтаушы зейнетақы қорларының есептілігін ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы  N 331  қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3346 тіркелген, 2005 жылғы 23 қыркүйектегі "Юридическая газета" газетінде жарияланған, N 175-176), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы  N 310  қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 331 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы  N 17  қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4074 тіркелген) енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен, мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 
Көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесінде: 
10) тармақшада "." деген тыныс белгісін ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: 
"11) есепті кезеңдегі әрбір күнтізбелік күн соңындағы жағдай бойынша ағымдағы шоттардағы меншікті ақшаның қалдығы туралы есеп (осы Ереженің 11-қосымшасы).";
3-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"3-1. Ай сайын қағаз тасымалдағышта жасалатын есеп беруге бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға қол қояды, ол мөрмен расталады және Қорда сақталады. Қор уәкілетті органның талап етуі бойынша сұрату алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз тасымалдағыштағы есеп беруді ұсынады."; 
осы қаулының қосымшасына сәйкес 11-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаменті (М.Б. Бөбеев): 
1) Заң департаменті (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2007 жылғы
30 наурыздағы N 64
қаулысына қосымша
"Жинақтаушы зейнетақы
қорының есеп беру
ережесіне 11-қосымшасы
    __________________ бастап _________________ дейінгі кезеңдегі 
ағымдағы  шоттардағы меншікті ақшаның қалдығы туралы есеп 
      (жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)
 
Атауы күні, айы, жылы ... ... күні, айы,
жылы
Ағым-
дағы
шоттың
сомасы
%-бен
баланс
бойынша
актив-
терге
... ... Ағым-
дағы
шоттың
сомасы
%-бен
баланс
бойынша
актив-
терге
А 1 2 3 ... ... ... ...
Ақша және
ақша балама-
лары, оның
ішінде:
1. Қазақстан
Республикасы
екінші дең-
гейдегі банк-
терінің ағым-
дағы шотта-
рындағы ақша:
1.
1.
1.
n
2. Резидент емес
банктердің
ағымдағы
шоттарындағы
ақша:
2.1.
2 .n
Ағымдағы шот-
тардағы ақша
қалдығының
жиынтығы
Баланс бойын-
ша активтер
сомасы
Есепке қол қоюға уәкілетті бірінші басшы немесе тұлға 
Есепке қол қоюға уәкілетті бас бухгалтер немесе бірінші тұлға 
Полная версия
ИС BestProfi