Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014
Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 326 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3313
Құжат мәтініндегі «брокерлiк-дилерлiк» сөздері «брокерлiк және дилерлiк» сөздерімен ауыстырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 27.08.2005 жылғы № 310 Қаулысы бойынша (27.11.2004 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Осы Қаулы өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 230 Қаулысымен (30.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 15.04.2014 жылдан бастап)
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Редакция 30.09.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 3-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесі бекітілсін. 
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді. 
3. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.): 
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын және оны қабылдауға байланысты өзге де шараларды қолға алсын; 
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жiберсiн. 
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасының Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау жөніндегі
 агенттігі Басқармасының
 2004 жылғы 27 қарашадағы
 N 326 қаулысымен Бекітілген
Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесі
Ереженің атауына және 1-тармақ өзгертілді; мәтiн бойынша "брокер-дилер", "брокердi-дилердi", "Брокер-дилер", "брокерге-дилерге" деген сөздер "брокер және дилер", "брокердi және дилердi", "Брокер және дилер", "брокерге және дилерге" деген сөздермен тиiсiнше ауыстырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
1. Осы Ереже «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілігін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.09.2011 № 118 (03.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Ереже екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, қаржы агенттіктеріне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, инвестициялық портфельді басқарушыларға, Ұлттық почта операторына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын брокерлермен және (немесе) дилерлерге қолданылмайды.
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 24.12.2007. № 274 Қаулысымен (27.08.2005 жылғы редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
3. Брокер және дилердің есебіне мыналар жатады: 
1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өз активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп; 
2) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес өз активтері есебінен жасалған "кері РЕПО" және "РЕПО" операциясы" операцияларының құрылымы туралы есеп; 
3) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес өз активтері есебінен орналастырылған екінші деңгейдегі банктердегі салымдардың құрылымы туралы есеп; 
4) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың құрылымы туралы есеп.
Полная версия
ИС BestProfi