Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.10.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Мүлікті бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 қараша N 1389
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына, "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi; 2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн. 2. 3. 2,3-тармақтар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.06.24. N 689 қаулысымен. 4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап отыз күннен кейiн күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1389 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы ережеге қосымшада: 
1-бағанда реттiк нөмiрi 1-жолдың 9-тармақшасындағы "жылжымайтын мүлiктi" деген сөздер "мүлiктi" деген сөзбен ауыстырылсын. 
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: 
реттiк нөмiрi 17-жолдағы 3-бағанда "нотариалдық" деген сөзден кейiн "қызмет" деген сөзбен толықтырылсын; "және адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсету және жылжымайтын мүлiктi бағалау" деген сөздер алынып тасталсын; 
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 17-1-жолмен толықтырылсын: 
"17-1. Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызметпен 
       Тiркеу қызметi комитетi ақылы заң қызметiн                                           көрсету, мүлiктi                                           бағалау". 
3. "Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн, адвокаттық және нотариалдық қызметтер көрсетудi, жылжымайтын мүлiктi бағалауды лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1262  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 37, 359-құжат): 
атауындағы ", жылжымайтын мүлiктi бағалауды" деген сөздер алынып тасталсын; 
1-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын; 
3-тармақтың төртiншi және бесiншi абзацтары алынып тасталсын; 
6-тармақтағы "жылжымайтын мүлiктi" деген сөздер "мүлiктi" деген сөзбен ауыстырылсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы ережеде: 
1-тармақтағы "Әдiлет министрлiгi" деген сөздер "Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын. 
Полная версия
ИС BestProfi