1. Қоса берiлiп отырған:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 25.07.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Мүлікті бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 қараша N 1389
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына, "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1) Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi;
2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2.
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2,3-тармақтар алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.06.2002. № 689 қаулысымен. (02.11.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап отыз күннен кейiн күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 2 қарашадағы
N 1389 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы ережеге қосымшада:
1-бағанда реттiк нөмiрi 1-жолдың 9-тармақшасындағы "жылжымайтын мүлiктi" деген сөздер "мүлiктi" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
Полная версия