1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 20.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 және "Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" 2007 жылғы 5 қыркүйектегі № 769 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 213 Қаулысы
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 243-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен таратылу және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесінде:
"қатысушы - астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, Қормен қатысу шартын жасасқан және қолданылатын астық қабылдау кәсіпорны;";
"2) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясының және астық қабылдау кәсіпорнын жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысында қарап тексеру актісінің болуы;";
"14. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысқысы келетін астық қабылдау кәсіпорны осы Ереженің 13-тармағында көзделген талаптарға астық қабылдау кәсіпорнының сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды қоса беріп, Қорға жазбаша өтініш береді:
1) астық қабылдау кәсіпорнын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
2) астық қабылдау кәсіпорны жарғысының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
3) құрылтайшылар құрамы туралы құрылтай шартынан үзінді (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірме немесе қорға өтініш берген күнге дейін бір ай бұрын тіркеуші берген құнды қағаздарды ұстаушылар тізілімінің жүйесіндегі құнды қағаздарды ұстаушылардың жеке шотынан үзіндінің түпнұсқасы;
4) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
5) астық қабылдау кәсіпорнының жаңа өнім астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан тексеру актісінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
6) астық қоймасына (элеватор, астық қабылдау пункті) меншік құқығын және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған салынған ауыртпалықтың жоқ екенін растайтын жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу органының заңнамада белгіленген үлгі бойынша анықтамалары;
7) соңғы қаржылық жылға қаржылық есептілікті құрайтын құжаттардың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері, сондай-ақ бар болған кезде соңғы есептік кезеңге аралық қаржылық есептіліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері;
8) астық қабылдау кәсіпорнының өткен қаржылық жылға жылдық қаржылық есептілігінің дұрыстығын растайтын аудиторлық қорытындының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі (егер өтініш ағымдағы жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде берілген жағдайда, соңғы қаржылық жылдың алдындағы қаржылық жылға аудиторлық қорытындының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі ұсынылады);
Полная версия