Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.11.2004
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі N 951 қаулысы
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына  сәйкес, сондай-ақ құрылысты, стандарттауды, метрологияны және сертификаттауды басқару саласындағы мемлекеттiк саясатты тиiмдi iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық бөлiмшелерi болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) 2-қосымшаға сәйкес аумақтық бөлiмшелердi құрсын.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетімен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен аумақтық бөлiмшелер құру үшiн Комитетке мүлкiнiң бiр бөлiгiн берудi қамтамасыз етсiн.
4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2003 жылғы 18 қыркүйектегі
 N 951 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда  
  министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау  
  жөнiндегi комитетiнiң қайта аталатын мемлекеттiк  
  мекемелерi - аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесi 
1. "Ақмола облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттiк мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне 
2. "Ақтөбе облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттiк мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне 
3. "Алматы облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттiк мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң Алматы облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне 
4. "Атырау облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттiк мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң Атырау облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне 
5. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттiк мекемесiн - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне 
Полная версия
ИС BestProfi