Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 07.05.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 1180 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Экспорттық бақылау және лицензиялау комитеті құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитеті және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция және өнеркәсіп комитеті болып бірігуі жолымен қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда қызметін реттеу комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті деп қайта аталсын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат); 
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: 
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитеті" деген бөлімнің тақырыбындағы "Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту" деген сөздер "Инвестиция және өнеркәсіп" деген сөздермен ауыстырылсын:;
2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 
1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшалар алынып тасталсын; 
"Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту" деген сөздер "Инвестиция және өнеркәсіп" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"Сауда қызметін реттеу" деген сөздер алынып тасталсын; 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: 
"Акционерлік қоғамдар" деген бөлімде: 
Полная версия
ИС BestProfi