«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 24.09.2014
"Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнің (Монополияға қарсы агенттiк) мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1818 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1011 Қаулысына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнің (Монополияға қарсы агенттiк) мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 79-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi (Монополияға қарсы агенттiк) туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1818 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi (Монополияға қарсы агенттiк) туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi (Монополияға қарсы агенттiк) (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасы Үкiметінің құрамына кiрмейтiн, тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Агенттіктің ведомстволары жоқ.
3. Агенттік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Агенттік мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. Егер Агенттікке заңнамаға сәйкес өкiлеттiк берiлсе, оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешiмдер қабылдайды.
8. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:
Полная версия