Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 15.07.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 266 Қаулысы
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 50 (елу) пайыздық тең үлестермен Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының коммуналдық меншігіне;
2) «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 50 (елу) пайыздық тең үлестермен Алматы қаласы және Алматы облысының коммуналдық меншігіне;
3) «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 33,3333 (отыз үш бүтін он мыңнан үш мың үш жүз отыз үш) пайыздық тең үлестермен Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының коммуналдық меншігіне;
4) «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 50 (елу) пайыздық тең үлестермен Маңғыстау және Атырау облыстарының коммуналдық меншігіне;
5) «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 50 (елу) пайыздық тең үлестермен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының коммуналдық меншігіне;
6) «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 50 (елу) пайыздық тең үлестермен Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының коммуналдық меншігіне;
7) «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 33,3333 (отыз үш бүтін он мыңнан үш мың үш жүз отыз үш) пайыздық тең үлестермен Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстарының коммуналдық меншігіне берсін.
2. Алматы қаласы және Алматы облысының әкімдері «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін коммуналдық меншікке қабылдағаннан кейін Комитетпен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамы акцияларының пакетін республикалық меншікке беруді қамтамасыз етсін.
3. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының әкімдері осы қаулының 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың акцияларын заңнамада белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке қабылдағаннан кейін осы қаулыға қосымшаға сәйкес мүлікті көрсетілген әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталдарын төлеуге беруді қамтамасыз етсін.
4. Комитет осы қаулының 2-тармағында көрсетілген іс-шаралар аяқталғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.
5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Комитет пен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
7. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 185 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия