1. Олардың жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" (бұдан әрі -»"Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ), "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" (бұдан әрі -»"Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ) және»"Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" (бұдан әрі -»"Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ) акционерлік қоғамдары құрылсын және Ақтау қаласы»"Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ-ның, Қостанай қаласы»"Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ-ның және Ақтөбе қаласы»"Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ-ның орналасатын жері болып белгіленсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 29.12.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылы 17 қыркүйектегі N 407 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі N 818 Қаулысы
"Каспий",»"Тобыл" және»"Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын" құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі N 407 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
2. Мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлік тәсіл негізінде біртұтас экономикалық нарық құру, инвестициялар тарту және инновациялар үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңірлерді әлеуметтік дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның ішінде осы қаулының 5-тармағының 1) тармақшасында бекітілген пайдалы қазбалардың түрлерінің және қорлары көлемінің тізбесіне сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу жолымен»"Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ қызметінің негізгі мәні - Атырау және Маңғыстау облыстарының,»"Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ қызметінің негізгі мәні - Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының және»"Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ қызметінің негізгі мәні - Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
"Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ,»"Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ және»"Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне берсін;
Маңғыстау, Қостанай және Ақтөбе облыстарының әкімдерімен бірлесіп, "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ,»"Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ және»"Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ-ны олардың орналасуы үшін ғимараттармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;
инвестициялық, инновациялық және өзге жобаларды жүзеге асыру үшін республикалық меншіктің жекелеген объектілерін "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ,»"Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ және»"Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ-ға беру мақсатында республикалық меншік объектілерін түгендеудің нәтижелерін "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ,»"Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ және»"Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ-ның қарауына берсін;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп:
1) "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ-ның жарғылық капиталын республикалық бюджет қаражатынан 1000000000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде, "Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ-ның жарғылық капиталын республикалық бюджет қаражатынан 1000000000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде және»"Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ-ның жарғылық капиталын республикалық бюджет қаражатынан 1000000000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде қалыптастыруды;
2) "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ,»"Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ және»"Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ-ның жарғыларын әзірлеуді және бекітуді;
3) "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ,»"Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ және»"Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ-ны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп, "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ,»"Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ және»"Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және орналастырылатын "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ,»"Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ және»"Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ берілетін жер учаскелерінің және республикалық меншік объектілерінің құнына төлеуді қамтамасыз етсін.
5. Қоса беріліп отырған:
1) "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ,»"Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ және»"Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ барлауды, өндіруді және қайта өңдеуді жүзеге асыра алатын пайдалы қазбалар, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемінің тізбесі;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
6. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, үш күн "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ,»"Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ және»"Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдардың жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
7. Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен:
Полная версия