Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 15.08.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 274 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы N 22 Қаулысы
"Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар құру және олардың қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 274 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Пилоттық жоба ретiнде оның жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "ӘКК ҰК" АҚ) құрылысын және Астана қаласы оның орналасатын жерi болып белгiленсiн.
2. "ӘКК ҰК" АҚ қызметiнiң негiзгi мәнi мемлекеттiк және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негiзiнде бiрыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде осы қаулының 5-тармағының 1) тармақшасында бекiтiлген пайдалы қазбалар түрлерi мен қорлары көлемiнiң тiзбесiне сәйкес кең таралған пайда қазбаларды барлау, өндiру, қайта өңдеу жолымен Ақмола, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын экономикалық дамытуға жәрдемдесу болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
"ӘКК ҰК" АҚ акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне берсiн; 
"ӘКК ҰК" АҚ-ны оның орналасуы үшiн ғимаратпен қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын. 
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп: 
1) "ӘКК ҰК" АҚ-ның жарғылық капиталын республикалық бюджеттiң қаражатынан 2000000000 (екi миллиард) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды; 
2) "ӘКК ҰК" АҚ-ның жарғысын әзiрлеудi және бекiтудi; 
3) "ӘКК ҰК" АҚ-ны Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi; 
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының 1, 3-тармақтарында көзделген iс-шараларды орындағаннан кейiн "ӘКК ҰК" АҚ-ға "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамын қосу жолымен оны қайта ұйымдастырсын.
1) "ӘКК ҰК" АҚ барлауды, өндiрудi және қайта өңдеудi жүзеге асыра алатын пайдалы қазбалар, оның iшiнде кең таралған пайдалы қазбалар түрлерi мен қорлары көлемiнiң тiзбесі; 
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар бекітілсін.
6. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, екi апта мерзiмде: 
1) "ӘКК ҰК" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумның жобасын; 
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, жоғарыда аталған Жарлыққа және осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
Полная версия
ИС BestProfi