Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 27.04.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
"Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлiк қоғамын құрудың кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 616 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын кеңейту және Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) мүшелiлiгiнiң экономикалық салдарына талдау жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI:  
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - қоғам) құрылсын. 
2. Мыналар қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгiленсiн: 
1) осы ұйымға кiру процесiнiң шеңберiнде қабылданатын мiндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кiруiнiң экономикалық салдарына талдау жүргiзу; 
2) ДСҰ-ның негiзгi келiсiмдерiнiң ережелерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саласындағы заңнамасын жетiлдiру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу; 
3) халықаралық сауда келiссөздерiне ұстанымдар мен халықаралық экономикалық келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеу кезiнде консультациялық қолдау көрсету және сыртқы нарықтарға қол жеткiзуге және халықаралық сауда дауларын шешуге байланысты проблемаларды қарау; 
4) Еуразия экономикалық қоғамдастығы, Бiртұтас экономикалық кеңестiк, ДСҰ және басқалары сияқты өңiрлiк бiрлестiктердiң шеңберiнде жалпы сауда режимiн құру мен көршiлес елдермен және өңiрлiк бiрлестiктер шеңберiнде еркiн сауда аймақтарын құру жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу; 
5) халықаралық сауданың қазiргi заманғы жүйесi және оны реттеу қағидаттары, сауда саясатының шаралары туралы ақпарат пен iлiмдердi тарату, жеке ұйымдар мен мемлекеттiк мекемелердiң негiзгi персоналының кәсiби деңгейiн арттыру.
Полная версия
ИС BestProfi