Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Суарнажоба" Қазақ мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі N 317 Қаулысы       
Редакция 28.08.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.     Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Суарнажоба" Қазақ мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақ Суарнажоба" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін сумен жабдықтау, кәріз және онымен байланысты гидротехникалық құрылыстар жүйелерін инженерлік жобалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;
4) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 3 сәуірдегі
 N 317 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (03.04.2008 ж. редакцияны қараңыз)
2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: 
"Достық Энерго" АҚ деген реттік нөмірі 292-55-жолдағы "292-55" деген цифрлар "123-107" деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-122-жолмен толықтырылсын: 
3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында: 
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 264-3-жолмен толықтырылсын: 
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 995 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (19.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
6. "Электр энергетикасы саласындағы берешекті өтеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 тамыздағы N 680  қаулысында:
6-тармақтың 2) тармақшасындағы "292-55" деген цифрлар "123-107" деген цифрлармен ауыстырылсын.
Полная версия
ИС BestProfi