1. Мыналар:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 19.03.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 мамырдағы N 416 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті болып;
2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті болып;
3) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті болып;
4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті болып;
5) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті болып;
6) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті болып;
7) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
8) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне «Ядролық технологиялар паркі», «Достық Энерго» акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттерін және «Қазақстан келісім-шарт агенттігі» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің 50 %-ын иелену және пайдалану құқығын берсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі осы қаулыны іске асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 мамырдағы № 416 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің қайта аталатын аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Полная версия