Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 25 тамыздағы N 878 қаулысына толықтыру енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 164 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлiк қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 25 тамыздағы N 878  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 33, 456-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 
7-тармақ "Экономика және бюджеттiк жоспарлау," деген сөздерден кейiн "Сыртқы iстер, Көлiк және коммуникация," деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Премьер-Министрінің         мiндетiн атқарушы
Полная версия
ИС BestProfi