Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 14.06.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясының қазақстандық бөлiгi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі N 952 қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған мыналар бекiтiлсiн: 
1) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң құрамы; 
2) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгi туралы ереже.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясының ұлттық бөлiгiн жасақтау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 17 қазандағы N 1541 қаулысы; 
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 қазандағы N 1541 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1437 қаулысы; 
3) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467 қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырудың 2-тармағы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2003 жылғы 18 қыркүйектегі
 N 952 қаулысымен
 бекiтiлген
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң Құрамы
Мамин                      - Қазақстан Республикасының Индустрия 
Асқар Ұзақпайұлы             және сауда бiрiншi вице-министрi, тең                                төраға
Поспелов                   - Қазақстан Республикасы Қорғаныс 
Николай Николаевич           министрiнiң орынбасары, тең төрағаның                                орынбасары
Коржова                    - Қазақстан Республикасының Экономика 
Полная версия
ИС BestProfi