Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 22.06.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясының қазақстандық бөлiгi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі N 952 қаулысы
1. Қоса беріліп отырған мыналар бекiтiлсiн:
1) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң құрамы;
2) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгi туралы ереже.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясының ұлттық бөлiгiн жасақтау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 17 қазандағы N 1541 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 қазандағы N 1541 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1437 қаулысы;
3) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырудың 2-тармағы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі N 952 қаулысымен бекiтiлген
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң Құрамы
Әмрин - Қазақстан Республикасының Индустрия
Ғұсман Кәрімұлы және сауда бірінші вице-министрі, тең төраға
Ордабаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Самат Исламұлы министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, жауапты хатшы
Полная версия