Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.03.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі N 1359 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 21.02.2015 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 18, 185-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың 5) тармақшасындағы "республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Алдын алуы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың ерекше қауіпті ауруларының тізбесінде:
тақырыбындағы "республикалық бюджет" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы "африка обасы (экзотикалық ауру)" деген сөздерден кейін ", тұмау" деген сөзбен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi