Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасының әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне енуiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "12 жылдық бiлiм беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 27 шілде N 839.
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "12 жылдық бiлiм беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы" (бұдан әрi - кәсiпорын) республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны құрылсын.
2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
1) 12 жылдық бiлiм берудiң әдiснамасы мен мазмұндық теориясы негiздерiн анықтау;
2) 12 жылдық бiлiм беруге көшу проблемалары бойынша iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу;
3) бiлiм беру саласындағы өндiрiстік-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның Жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (28.10.2004 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия