Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.10.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Жекелеген жоғары оқу орындарын қайта атау және акционерлік қоғамдар етіп қайта құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 қазандағы N 1313 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ш.Есенов атындағы Ақтау университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде: 
1) Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің жарғысына өзгерістер енгізсін және әділет органдарында қайта тіркеуді     қамтамасыз етсін; 
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің 2001 жылғы 11 қазандағы
 N 1313 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790   қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: 
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде: 
реттік нөмірі 470-98-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"470-98 Ш.Есенов атындағы Ақтау                  мемлекеттік университеті Ақтау қаласы".
2. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754   қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: 
Полная версия
ИС BestProfi