Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "Республикалық оқушылар сарайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 481 қаулысы
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң "Республикалық оқушылар сарайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінiң "Республикалық қосымша білім беру оқу-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (28.10.2004 ж. редакцияны қараңыз)
2)
3) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына:
көрсетілген қаулыға 197-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
7-бағандағы "Республикалық оқушылар сарайы" деген сөздер "Республикалық қосымша бiлiм беру оқу-әдiстемелiк орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2)-тармақшаның күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.10.2004. № 1111 қаулысымен. (28.04.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Peспубликасының
Премьер-Mинистрі
Полная версия