Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.05.2016
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 ақпандағы N 202 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 590 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.05.2016 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы N 202 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 9, 101-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Экономикалық саясат жөнiндегi кеңестің құрамына мыналар енгiзілсiн: 
Ахметов                    - Қазақстан Республикасының 
Даниал Кенжетайұлы           Премьер-Министрi, жетекшi

Мыңбаев                    - Қазақстан Республикасы 
Сауат Мұхаметбайұлы          Премьер-Министрiнiң орынбасары

Есенбаев                   - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 
Мәжит Төлеубекұлы            көмекшiсi (келiсiм бойынша)

      мына жолдар:

"Жандосов                  - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 
Ораз Әлиұлы                  көмекшiсi (келiсiм бойынша)

Досаев                     - Қазақстан Республикасы Табиғи 
Ерболат Асқарбекұлы          монополияларды реттеу және 
                             бәсекелестiктi қорғау жөніндегі 
                             агенттiгiнiң төрағасы"
"Жандосов                  - Қазақстан Республикасы Табиғи 
Ораз Әлиұлы                  монополияларды реттеу және 
                             бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi 
                             агенттiгiнiң төрағасы 
                             (келiсiм бойынша)

Досаев                     - Қазақстан Республикасының 
Ерболат Асқарбекұлы          Қаржы министрi";
көрсетiлген құрамнан Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы, Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы, Кәкiмжанов Зейнолла Халидоллаұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Полная версия
ИС BestProfi