Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.10.2004
Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180 қаулысы
Редакция 24.08.2004 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 қыркүйектегi N 1189 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1) Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi; 
3) Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгiне екi вице-министр, оның iшiнде бiреу бiрiншi вице-министр болуға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары болып қайта ұйымдастырылсын. 
Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгі қаулының осы тармағын iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: 
реттiк нөмiрлерi 409-1, 409-4, 415-жолдар алынып тасталсын; 
мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 416-1 және 416-2-жолдармен толықтырылсын: 
"Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi 
416-1. "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 
416-2. "Елорда" баспасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны"; 
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына: 
Полная версия
ИС BestProfi