1. Қоса берiлiп отырған:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.10.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Индуcтрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 996 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына (бұдан әрi - Жарлық) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң бес, соның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болуға рұқсат берiлсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.07.2003 № 759 қаулысымен. (20.05.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Мыналар құрылсын:
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Сауда комитетi;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетi;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Құрылыс iстерi жөнiндегі комитетi;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы № 467 қаулысымен.
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 18.09.2003. № 951 қаулысымен. (29.07.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiн ұстауға арналған шығыстарын қаржыландыру қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Экономика және сауда, Энергетика және минералдық ресурстар, Сыртқы iстер министрлiктерiн және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау агенттiгін ұстауға арналған 2002 жылға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен берiлетiн штат санының шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiктерi, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау агенттiгi берiлетiн функциялар мен өкiлеттіктер шегiнде, Жарлыққа қол қойылған күнi берiлетiн бөлiмшелер қызметкерлерiнiң пайдалануындағы мүлiктi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелердi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне берудi қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Полная версия