Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 06.01.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министріне үш, оның iшiнде бір бiрiншi вице-министрi болуына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. "Pеспубликалық мемлекеттік кәсiпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: 
"Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық pecуpcтap министрлігінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi" деген бөлiмде "жер қойнауын қорғау" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметінiң
 2004 жылғы 28 қазандағы
 N 1105 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) атом, минералдық ресурстар, мұнай-химия және атом өнеркәсiбiн қоса алғанда, энергетика салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару процесiн үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 
Министрлiктiң негiзгi мiндетi өз құзыретi саласында Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады. 
Полная версия
ИС BestProfi